
Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактілері бойынша 38 істі тіркеуге алды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мұндай мәліметті Қаржылық мониторинг агенттігі таратты. Ең соңғы тіркелген істің бірі – Түркістан облысында анықталған «Не работа» атты қаржы пирамидасы.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті «Не работа» атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз етті», - деп жазылған ресми ақпаратта.
Агенттік дерегінше, Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.