Экономика
Жыл басынан бері Қазақстанда 30-дан астам коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды
Алматы. 19 қазан. 7kun.kz – 2022 жылдың басынан бастап коллекторлық агенттіктердің тізілімінен 31 коллекторлық агенттік шығарылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік мәліметінше, 26 коллекторлық агенттік өз қызметін ерікті түрде тоқтаттқан, ал өзге 5 агенттік тиісті коллекторлық қызметті жүзеге асырмауы себебінен жұмысы тоқтатылды.
Тізілімнен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап коллекторлық агенттіктерге берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар және (немесе) банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша коллекторлық агенттікке құқықтың (талаптың) өту талаптарын қамтитын шарттар жасасуға тыйым салынады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024