Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz - 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Қазақстан 52,23 млн тонна мұнай мен конденсат өндірді, оның ішінде үш ірі кен орнында 31,6 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек мәлімдеді.
"7 айда мұнай мен конденсат өндіру көлемі 52,23 млн тоннаны құрады - жоспардың 101,2%-ы. Алайда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,7%", - деді Нұрлыбек Жеңісбек.
Ол өндірістің төмендеуі алдын-ала болжанғанын және ол үш ірі кен орнындағы жөндеу жұмыстарының байланысты болғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Қашаған, Теңіз және Қарашығанақта жеті айда 31,6 млн тонна өнім өндірілді. Атап айтқанда, Қашағанда – 7,2 млн тонна, Теңізде – 17,5 млн тонна, Қарашығанақта – 6,9 млн тонна.
Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай өндірудің 1,3%-ға өскенін хабарлаған еді.
"МӨЗ резервуарлары толтырылған. Биыл бензин экспорты іске қосылды. Қазір олар толық қуатта жұмыс істейді. Жыл соңына дейін мұнай өндіру бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір ешқандай қиындықтар жоқ", - деді Энергетика министрлігінің басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024