Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Тәуелсіз қазылар Қазақстандағы "Жыл кәсіпкері - 2018" байқауының финалистерін анықтады.
Бұл байқау EY компаниясының 60-тан астам елде кәсіпкерлердің еңбегін тану арқылы бүкіл әлем бойынша кәсіпкерлік белсенділікті көтеруге жәрдемдесу мақсатында өткізетін Entrepreneur Of The Year Award халықаралық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. 2018 жылы байқаудың ұлттық кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен ондаған кәсіпкер қатысты. Осы жылдың ақпан айында салтанатты марапаттау рәсімінде номинациялар бойынша жеңімпаздар жарияланады. Сондай-ақ, 2019 жылдың маусымында Монакода өтетін World Entrepreneur Of The Year халықаралық финалында елімізді таныстыратын ұлттық жеңімпаздың есімі белгілі болады. Қазақстандағы байқаудың финалистері: 1. Айтжанов Асхат, «Дастан», Компаниялар тобы, Ақтөбе 2. Жұман Марат, «ATASU group of companies», ЖШС, Алматы 3. Маджуга Ирина, «Компания ОБИС», ЖШС, Алматы 4. Мамаева Гүлнар, «Account garanti», ЖК, Алматы 5. Мухоряпов Рамиль, «Chocofamily Holding», ЖШС, холдингтік компания, Алматы 6. Насырова Гаухар, «ПК „АГФ Групп“», ЖШС, Шымкент 7. Нұрлыбеков Қайрат, «ZIMA C.S. Kazakhstan», ЖШС, Астана 8. Оспанов Болатбек, «SMART SATU», ЖШС, Алматы 9. Рысбаева Сәуле, «Рысбаева и Ко», ЖШС, Тараз 10. Свищев Анатолий, «InformConsulting», ЖШС, Алматы 11. Өтемұратов Алидар, «DAR Ecosystem», ЖШС, Алматы Қазылар алқасының қатарында Абдразаков Елдар (Centras Group директорлар кеңесінің төрағасы), Вокурка Ульф (" Цеснабанк "АҚ Басқарма төрағасы), Мажибаев Қайрат (Resmi Group директорлар кеңесінің төрағасы) және Прейманис Агрис (Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің Қазақстандағы директоры) бар. Қазақстандағы "Жыл кәсіпкері 2018" бағдарламасының ресми серіктестері: Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі (ЕҚДБ), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясы. 2007 жылы EY компаниясы Қазақстанда алғаш рет "Жыл кәсіпкері" байқауын өткізді. Содан бері әр түрлі экономика секторлары және еліміздің барлық аймақтарынан сексеннен астам кәсіпкер ұлттық финалға жолдама алды. Бес ұлттық жеңімпаз Қазақстанды Монакода таныстырды. Айта кетейік, EY - аудит, салық салу, мәмілелерді қолдау және кеңес беру саласындағы халықаралық көшбасшы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024