Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осы жылды қорытындылап, ең маңызды оқиғаларға назар салды.
Қашаған кен орны
2016 жылдың 7 желтоқсанында Атырауда мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстандағы ең ірі кен орындарының бірі - Қашағанның ашылу рәсімі өтті. Әлемдік стандарттарға жауап беретін кен орнына арқылы отандық теңіз инфрақұрылымы пайда болды. Металл конструкцияларын құрастыратын "Ерсай", "Каспиан Оффшор Марин Констракшн" кәсіпорындары, Баутино елдімекенінде кемені жөндеуден өткізетін зауыт, мұнай құйылуының алдын алатын база және басқа да объектілер салынды. Қазіргі уақытта Қашаған жобасында 274 компания жұмыс істейді, қазақстандық иелену үлесі - 50%. Әлеуметтік жауапкершілікке байланысты NCOC консорциумы Маңғыстау және Атырау облыстарында құны 500 млн доллар болатын инфрақұрылым салуы қажет.Теңгізшевройл
"Теңгізшевройл" (ТШО) кен орнын кеңейтіп, болашақ жобаны қаржыландыру туралы шешім қабыланды. Энергетика министрлігі мен "Теңгізшевройл" ЖШС жобаны кеңейтіп әрі Теңгіз кен орнының қуатын арттырудың келесі кезеңі болатын сағалық қысымды басқару жобасын (СҚБЖ) бастайтындықтарын жариялады. Қазір екі жобаның құны жоспарланбаған шығынды қоспағанда 36,8 млрд доллар деп бағаланып отыр. Алғашқы мұнай өндірісі 2022 жылға жоспарланған. "Теңгізшевройл" кен орнын кеңейту жобасында осыған дейінгі жылдарда пайдаланылған және нәтижелі жұмыс істейтіндігін көрсеткен шикі газ айдау технологиясы қолданылады, сол арқылы шикі мұнай өндірісін жылына 39 млн тоннаға немесе тәулігіне 850 мың баррельге дейін көбейту жоспарланған. "Теңгізшевройл" кен орнын кеңейту жобасы арқылы өндіріс көлемін көбейтіп, ал СҚБЖ арқылы Теңгіздің қуатын арттыруға мүмкіндік бар.Мұнай бағасын реттеу
ОПЕК елдері мен ол ұйымға кірмейтін елдердің мұнай бағасына қатысты қабылдаған шешімі де - маңызды оқиғалардың бірі. 2016 жылдың 10 желтоқсанында ОПЕК және ұйым құрамына кірмейтін елдердің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша, мұнай өндірісін азайту бойынша шешім қабылдады. ОПЕК мүшелері күніне 1,2 млн баррельге, ал ұйымға мүше емес елдер 558 мың баррельге дейін өндірісті қысқартпақ. Қабылданған шешімге байланысты, мұнай өндірісін қысқарту кезінде 2016 жылдың қазанында қабылданған өндіріс көлемі назарға алынады. Бірақ біздің елімізде Қашаған кен орнының жұмысын бастауына байланысты қарашадағы өндіріс көлемі есепке алынады яғни тәулігіне 20 мың баррельге дейін қысқартамыз. Келесі жартыжылдықта Қазақстан тәулікті көрсеткішті 1,68 млн баррель көлемінде ұстауды жоспарлап отыр. Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облысындағы өндірістер қысқарғанымен, Қашаған, Теңгіз және Қарашығанақ тәрізді ірі жобалар да өзгеріс болмайды.Париж келісімін заңдастыру
2016 жылдың 27 қазанындағы сенат отырысында "Париж келісімін заңдастыру туралы" шешім қабылданды. Ол құжат бойынша, әлемдік қауымдастық климат өзгерісімен күрес мәселесінде күш біріктіруі қажет. Бұл мақсатқа жету үшін Париж конференциясының қатысушылары ауаға көмірқышқыл газын таратуды шектеу бойынша жұмыс істеуі тиіс. Және әр елдің әрекеті әрбір 5 жыл сайын бағаланады. Бұл конференциядағы ең маңызды жетістік - жоспарды орындау үшін қатысушыларға халықаралық қаржы ұйымдарынан қаржылай қолдау көрсетіліп, технологияны жетілдіру кезінде көмек беріледі. Яғни келісімді заңдастыру арқылы еліміз қаржылай көмек және климат өзгерісінің алдын-алатын жобаларды іске асыру үшін инновациялық технологиялар ала алады.Шығыстағы электр энергия жобалары
Осы жылы Қазақстанда жаңа жоғарывольтты желілер іске қосылды. Екібастұз - Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен электржелілерінің құрылысы аяқталды. KEGOC компаниясы арқылы салынған инфрақұрылым Қазақстанның солтүстігіндегі электр энергиясын тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл жоба ел экономикасы үшін өте маңызды. Енді Шығыс Қазақстан өңірі Ресейдің электроэнергиялық жүйесі арқылы өтетін желілерге тәуелді болмайды. Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігі тұрғысынан да ерекше назарға алынатын фактор. Ал "Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай - Талдықорған - Алма" жобасының екінші кезеңі кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бұл жобаның аяқталуы арқылы бірнеше мәселелер шешімін табуы керек. Шығыс аймақ Қазақстанның электроэнергетикалық жүйесімен байланысын арттырып, Солтүстік-Оңтүстік транзитін нығайтады. Сондай-ақ Ақтоғай жобасы іске асырылып, тау-кен орындарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Ақтоғай-Алматы, Ақтоғай-Достық, Ақтоғай-Мойынты бағытындағы темір жол аймақтары да осындай жаңаландырудан өтеді.Ал 2017 жылдағы негізгі мақсат - Павлодар және Шымкент зауытын қайта жөндеуден өткізу және жаңаландыруды аяқтау (2017 жыл аяғы).
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024