Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл соңына дейін Алматыда 66 ақылы тұрақ пайда болады

Жыл соңына дейін Алматыда 66 ақылы тұрақ пайда болады
Алматыда алдағы 2 жыл ішінде көп сатылы көлік тұрақтары пайда болады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің табиғатты пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Айдын Керімбек мәлімеді. Нақты мерзімі белгісіз, қазір әкімдік жоба үшін жер аумағын дайындап, есеп жүргізіп жатыр.  "Алматы Спецтехпаркинг сервис" компаниясының директоры Мұрат Пірінбековтың сөзінше, әкімдік 70 тұрақ үшін жер аумағын дайындаған. Бірақ олардың 4-нің бұрынғы инвесторларымен келісім-шарт үзілді және тағы 16 аумақ бойынша жер комиссиясы шешім қабылдауы қажет. "Тексеру кезінде өз мақсаты бойынша пайдаланылмаған, инвестициялық ұсыныстар орындалмаған жер аумақтарын анықтадық. Не олар бос, не басқа мақсатта жұмыс істелініп жатыр", - деді Айдын Керімбек. Жаңа көлік тұрақтары адамдарға жеке көліктерін орналастыру үшін беріледі. Автоматтандырылған ақылы тұрақтар арқылы жеке транспорт қоғамдық өмірден ысырылып шығарылмақ. Осы мақсат үшін жыл соңына дейін ақылы паркингтер көбей түсіп, санын 66-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Алғашқы пилотты паркингтер маусымның соңында іске қосылды. Жаңа қызметті 5 мыңға жуық автокөлік иелері пайдаланды. Табыстың 30 пайызын "Алматы Спецтехпаркинг сервис" салық түрінде бюджетке төлейді. Әкімдіктің мәлімдеуінше, мұның барлығы жүргіншілер үшін, экологиялық жағдайды жақсарту үшін ұйымдастырылып жатыр. Дегенмен көліктерін тастағысы келмейтін қалалықтар жоғары бағаға шағым түсіруде. Автоматтандырылған тұрақтардағы бір сағат бағасы 100 теңге тұрады. Мұрат Пірінбековтың сөзінше, бұл қаржы қазынаны толтырудан бөлек, жаңа заманғы құрылғыларды алуға кеткен шығынның орнын жабуы қажет. Дегенмен әкімдік те, "Алматы Спецтехпаркинг сервис" компаниясы да жылдам нәтиже күтпейді. Машина көлемі мен траффик бірден азайып кетпейді, салынған инвестиция 10 жылдан кейін қайтуы мүмкін. Тұрақ бағасынан қорыққан азаматтар арнаулы орынға емес қалаған жеріне көліктерін қойып кетуі мүмкін. "Алматы Спецтехпаркинг сервистің" атап өтуінше күніне бір тұраққа 8-10 көліктен келеді. Бастамасы үшін бұл жоғары көрсеткіш дейді компаниядан.

Похожие материалы