Экономика
Жыл соңына дейін «7-20-25» бағдарламасымен 600 отбасы жаңа пәтерге көшеді
Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі мәлімдеді.
«7-20-25» бойынша жалпы сомасы 10,9 млрд. теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды. Бұдан басқа ағымдағы жылдың аяғына дейін бағдарлама талаптарына сәйкес келетін 600-ден астам пәтер пайдалануға берілмек. Ал «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы 4 800 отбасы жаңа пәтер алады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ке артты», - деді Бауыржан Байбек
Әкімнің айтуынша, «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 4 200 жұмыс орны құрылып, 111 шақырым инженерлік желі жүргізілді. Сондай-ақ, 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынған.
Сонымен қатар, 2018 жылы 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024