Алматы. 15 қыркүйек. 7kun.kz — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша тамызда инфляция айлық көрсеткіш бойынша 0,1 пайыз болды.
Жылдық инфляция тамызда 7 пайызға дейін баяулады. Базалық инфляция көрсеткіші жылдық көрсетуде 6,7 пайыз деңгейінде сақталды. Жинақталған инфляция 8 айда 3,9 пайыз деңгейінде қалыптасты және 2016 жылдың cәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен төмен күйде (5,4 пайыз) қалды.
Инфляцияның баяулауы көбінесе азық-түлік тауарлары, оның ішінде жеміс-көкөніс өнімі бағаларының төмендеуіне негізделді. 2016 жылға қарағанда, аталған санат бағаларының маусымдық құлдырауына қарамастан, ауытқу қарқындары тауарлар бойынша тепе-тең емес деңгейде қалып отыр.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024