2017 жылдан бастап қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сату кезінде 10%-дық салық төлеу міндеттелуі мүмкін. Мұндай жүйе келесі жылдың басында қолданыста болатын жаңа Салық кодексінің концепциясына енгізіледі. Бұл туралы krisha.kz хабарлайды.
Айта кетейік, кодекстің қазіргі нұсқасы бойынша жеке тұрғын үй немесе пәтер иесі мүлікке 1 жылдан аса уақыт ие болса оны сату барысында салықтан босатылады.
Дегенмен 2015 жылдың қараша айында бұл норма алынып тасталды. Осыған қатысты наурыз айында қалалық мемлекеттік кіріс департаменті тыңдалым өткізіп, ұсыныстар талқыланды. Бұл үшін салық төлеушілер кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелерін шақырған.
"Біздің топ бәрі әділ болу үшін салықты есептеуде мүлік бағасына әсер ететін негізгі инфляция көлемін және иелік ету кезіндегі жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарды есепке алуды ұсынады. Тағы бір нұсқа - жеке мүлкін сатушыларды салықтан тек талап қою мерзімі кезінде мүлкін сатқанда босату, яғни бес жылда бір рет сатқан жағдайда", - дейді қалалық мемлекеттік кіріс департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының жетекшісі Еділ Әзімшайық.
Сондай-ақ, спикердің сөзінше, жылжымайтын мүлік пен жер салығын біріктіріп, "мүлік салығы" деп атау ұсынылуда. Айта кетейік, бұған дейін техникалық түгендеме бюросы (ТТБ) жер мен үйдің бағасын жыл сайын базалық мөлшерлеме бойынша есептеген.
"Салықты есептеуде бірнеше ұсыныс бар: мәселен, жеке мүлік иелері бес жылда бір рет үйін тәуелсіз бағалаудан өткізу қажет. Ал пәтер иелері үшін жердің кадастрлық құны есепке алынуы мүмкін, пәтердің құнын қазіргідей жыл сайын ТТБ есептеп отырады", — дейді Е. Әзімшайық.
Барлық салықтар бойынша өзгерістер ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін қабылдануы керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024