Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Өзіңнен баста" акциясы: Алматы облысы

"Өзіңнен баста" акциясы: Алматы облысы

Талдықорған. 17 маусым. 7kun.kz - 2014 жылы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 18 миллион 778 мың теңге табыс тапқан. Бұл туралы ол «Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста» акциясының аясында жариялады.

Әкімнің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиевтің 2014 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қаңтарына дейінгі табысы 5 млн 644 мың теңгені құраған.

Тағы бір орынбасар Серікжан Бескемпіров - 13 млн 814 мың теңге, Ғалымжан Әбдірайымов - 4 млн 983 мың теңге табыс тапқан. Ол аталған қызметке қыркүйек айында тағайындалған еді.

Қалған екі орынбасардың табысы: Серік Тұрдалиев - 13 млн 530 мың теңге, Бақтияр Өнербаев қараша айынан бастап 2 млн 256 мың теңгені құраған.

Естеріңізде болса, өткенде Ақтөбе облысы шенеуніктерінің табысы жөнінде жазған болатынбыз. Оқу үшін мына сілтемеден өтіңіз.

Похожие материалы