Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz - Сапасыз ойыншықтар сатылымымен айналысатын кәсіпкерлер 2 млн теңгеден аса айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская мәлімдеді.
Оның айтуынша тұтынушылар құқығын бұзғандарға тағылатын айыппұл мөлшері өте аз, небәрі 22 мың 690 теңгені ғана құрайды. Сондықтан оның көлемін 100 есе арттыру ұсынылып отыр.
Мәліметтерге сүйенсек, соңғы алты айда аталған нарықтағы тауардың 35 пайызы Кеден одағының талаптарына сай болмай отыр. Тексеріс барысында ойыншықтардың құрамында формальдегид сынды қауіпті заттар мөлшерден артық екені байқалды. Ал, былтырғы жылы елдегі 1 мың 600 тауардың 40 пайызға жуығы сапасыз екені анықталған болатын.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024