Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Жапондық автокөлік өндіруші өздері жүріп, өздері паркингке қойылатын үй шәркесін құрастырды, деп мәлімдеді TheVerge.
Басылымның жазуы бойынша, тәпішкелер үй ішінде кішкентай екі дөңгелек, мотор мен ең соңғы Nissan’s ProPilot Park технологиясын қолданатын сенсор арқылы қозғалады. Тәпішкелерді паркингке қою үшін, батырманы басу жеткілікті.
Тәпішкелерден басқа, автоөндіруші бұндай құрылғыны үстелдер мен көпшіктерге де орналастырды. Қызық деп танылған құрылғы жапон қонақ үйіндегі қонақтарды таң қалдырып қана қоймай, көңілдерін көтеру мақсатында ойлап табылған.
Nissan-ның өзінің хабарлауынша, пилотсыз құрылғылар адамдардың көңілін көтеріп, қызметкерлерге түсетін ауырлықты азайту негізінде жасалды. Алайда, TheVerge басылымы онымен келіспейді. Басылымның ойынша, автоөндіруші бұндай жолмен ProPilot Park технологиясын қолданатын Nissan Leaf жартылай автономды электрокардың саудасын дамыту мақсатында ойлап тапқан.
Қазіргі уақытта ол жүргізушілерге көлікті қоюға, сондай-ақ қозғалыс кезінде жолақтардан асып кетпеуге және круиз-бақылаушының көмегімен өзге көліктерге тым жақындамай, ара-қашықтық сақтауға көмектеседі.
https://www.youtube.com/watch?v=oWCDE4cYSSMБіздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!