Nokia компаниясы «Matrix-тан» жаңартылған телефондарды таныстырды

таныстырды
Фото: Pocket-lint

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz — HMD Global компаниясына тиесілі Nokia бренді  Барселонадағы MWC конференциясында  «банан-телефон» деп аталатын Nokia 8110 жаңартылған нұсқасымен таныстырды, деп мәлімдеді delo.ua.

Nokia 8110 алғаш рет 1996 жылы көрсетілген. Ол кезде тек қара түсті ғана болатын. Ал қазіргі нұсқасында барлық түстер бар және аппарат банан түстес. Телефондағы өзгеріс түс ғана емес, онда, телефон 4G-модулді, Qualcomm 205 Mobile Platinum процессоры, 512 Мб оперативті жады және 4 Гб орнатылған.

Телефонның жаңартылған нұсқасы Smart Feature операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Nokia да арнайы қосымшалар дүкені бар.

Батареяның қуаттылығы әлі белгісіз. Бірақ құрылғы күту режимінде 25 күн бойы жұмыс істей алады деп есептеледі.

 

Nokia 8110 жаңартылған нұсқасы 2018 жылдың мамыр айында 97 доллар бағасында сатылымға шығады.

The Verge басылымының айтуынша, Nokia 8110 нұсқасы 1999 жылы «The Matrix» фильмінде көрсетілгеннен кейін танымал болған.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!