Нотр-Дам шіркеуін қалпына келтіруге қанша уақыт кетеді

қалпына
Фото: on.od.ua

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Париждегі Құдай-Ана соборы бес жыл бойы қалпына келтіріледі. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Ол собор бұрынғысынан да әдемі болады деп уәде берді. Макрон ел осы мақсатқа жету үшін жұмыла жұмыс істейтінін айтты.

Бұған дейін бірқатар сарапшылар пессимистік болжамдар жасаған. Олар соборды қалпына келтіру бес жылдан он жылға дейін созылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, собор 15 сәуір күні кешке өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер таңертең толығымен өртті сөндірді. Нәтижесінде үш адам жарақат алды. Өрттің шығуына себеп — бірнеше ай бұрын басталған қалпына келтіру жұмыстары болуы мүмкін.