Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарына бюджетті қалыптастыру тапсырылады

63
Алматы
Фото: kapital.kz

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында тұрғындарға жергілікті бюджетті қалыптастыруға мүмкіндік беру үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Әрбір тұрғынға жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндік беру үшін бюджеттік процестің ашықтығын арттыратын «қатысу бюджеті» пилоттық жобасы 2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» ауданының әкімдігімен енгізілді. Азаматтар 500 млн теңге сомасындағы бюджетті бөлуге қатысады. Бұл қағиданы Алматы қаласында да енгізу жоспарланып отыр. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша жергілікті деңгейде «халықтық қатысу бюджетін» енгізу бойынша ұсыныстар беріледі», – деді Смайылов.

Ол сондай-ақ бюджеттік жоспарлау мен мемлекеттік қаржыны пайдаланудың жүйелі мәселелерін шешу үшін Парламент пен Есеп комитетінің ұсыныстары бойынша тиісті жол картасы бекітілгенін хабарлады.

Жол картасының орындалу барысы туралы алдын ала есеп күзде ұсынылады.