Нұрлан Смағұлов Mega Astana мен Mega Aktobe орталықтарын сатады

Фото: astana.megacenter.kz

Алматы. 2 маусым. 7kun.kz — Бизнесмен Нұрлан Смағұлов Mega Astana және Mega Aktobe сауда-ойын-сауық орталығын сататыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Forbes.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Сатып алушы  бір адам. Қазіргі уақытта жағдайды егжей-тегжейлі қарап жатырмыз, Бірақ орталықтарды әлі сатқан жоқпыз. Бизнес үшін сату процесі ақша қолға тигенде ғана жүзеге асырылады. Ал біз қаржыны әлі алмадық. Келіссөздер аяқталып қалды деуге болады. Басқа сатып алушы іздемейміз», — деді бизнесмен.

Нұрлан Смағұлов сатып алушының аты-жөнін атаудан бас тартты.

«Мен оның кім екенін айта алмаймын. Келісім-шарт аяқталған күннің өзінде мұндай қадамға бармаймын. Біріншіден, біз көпшілік компания емеспіз. Екіншіден, мен біржақты шешім қабылдамау туралы келісімге қол қойдым. Сондықтан келісім параметрлері мен сатып алушы туралы ақпарат бере алмаймын «, — деді ол.