Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерді сынға алды

Фото: Qamshy.kz

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктердің бюджет қаражатына салғырт қарағанына риза емес.

«Кейбіреулер бюджеттті түбі жоқ бөшке ретінде қарастырады, мен соған таң қалдым. Нәтижесінде оны дұрыс жұмсай ма, жұмсамай ма маңызды емес, әйтеуір қазір алса болды. Жылдың соңына қарай пайдаланылмаған ақша миллиардқа жетеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев жұма күнгі Астанада өткен Қазақстан халқына Жолдауы кезінде.

Ол қаржы министрлігі мен ұлттық экономиканың қаражаты бөлінгенде, аймақтың қаржыландырылу қажеттігі ескерілмейтіндігін түсіндірді. Негізгі  мәселе мектептерге бөлінетін қаржы туралы болды.

«Қаржы мектеп көп жерге бөлініп, мектебі жоқ аймақтар ескерусіз қалады. Неліктен экономика министрлігі мұндай шешім қабылдайды? Өйткені көп нәрсені білмейді, ол жерде жұмыс істеп көрмеген, жұмыс процесін бақыламаған. Жоспарды дұрыстап қарап шығу керек, үш ауысымдағы мектептерге қаржы бөлінбей, өзгертуді қажет етпейтін аймақтарда реттеу жұмыстары жүріп жатады. Сендерді экономика министрлігі деп атайды, сондықтан үнемдей білу керек,ал сендер қаржыны оңды солды жұмсайсыңдар», — деген сөздермен Нұрсұлтан Назарбаев экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Алихан Смайловты сынға алды.