Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Фото: gov.kz

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, мемлекет басшысының Нұржан Нұржігітовті облыс әкімі лауазымына тағайындау туралы ұсыныс-хатын оқып берді. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы 31 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Бұған дейін ол облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған.