О.Жандосов Ұлттық банк қызметін бөлуді ұсынды

832

Қазақстанда Ұлттық банктың қызметін бөлуді ұсынды. Бұл туралы «Қазақстан экономистер ассоциациясы» қоғамдық қорының қамқоршы кеңесінің төрағасы Ораз Жандосов мәлімдеді.

«Ақша-несие саясатын Ұлттық банк және банк қызметі мен басқа да қаржы институттарын реттеуші органдар арасында бөлу қажет. Бұл екі функциялар арасындағы қақтығыс, әсіресе, осы айда айқын көрініп тұр»,- деді экономист. Оның сөзінше, қазір әрбіріміз сезініп жатқан жағымсыз жайттар соңғы жылдардағы ақша-несие саясатын реттеуші органның қисынсыз әрекетіне байланысты.

О.Жандосов ұлттық валюта курсына қатысты өз пікірін білдірді. «Мен курсты белгілеп отыруға қарсымын. Біздің ашық және шағын экономикамыз бар, сауда мен капитал ағымы үшін үлкен кедергілер жоқ. Біз шикізат экспортына тәуелдіміз және осындай жағдайда курсты белгілеп отыру үшін ұзақ уақыт керек. Бірақ кез-келген курсты қабылдай беру үшін біздің  экономика көлеміне қатысты үлкен қорымыз болуы қажет. Қызмет секторына көбірек байланған экономика қажет», — деп түсіндірді ол.

О.Жандосовтың атап өтуінше, мұндай жағдайда еркін айналымға жіберілген курс қажет. Бірақ ол режим бизнес пен әрбір азаматқа түсінікті, ал Ұлттық банктың ақша-несиелі саясаты ашық болуы тиісті.