ОПЕК басшысының мәлімдемесінен кейін мұнай қымбаттайды

85
20
Фото: dialog-sochi.ru

Алматы. 11 қазан. 7kun.kz — Brent маркалы мұнайдың құны 1,8 пайызға өсіп, барреліне 59 доллардан асты.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:35-те желтоқсан фьючерстерінің бағасы барреліне 59,38 долларға жетті. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 30 қыркүйекте байқалды.

Сонымен қатар, ОПЕК басшысы Мохаммед Баркиндоның Сауд Арабиясының Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының акцияларын алғаш рет жария орналастыру Эр-Риядтың ОПЕК-ке қатысуына әсер етпейтіні туралы мәлімдемесі аясында мұнай қымбаттайды. Бұл туралы ол Bloomberg телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Сауд Аравиясы Әмірлігі ОПЕК ұйымын қолдауды жалғастырады — оны құрушы ел ретінде, БАҚ атайтындай де-факто ұйым көшбасшысы ретінде. Біз олардың үкімет деңгейіндегі өкілдерінен компанияның IPO-сы олардың ОПЕК-ке мүшелігіне ешқандай әсер етпейтінін естідік», — деп түсіндірді Баркиндо.

Saudi Aramco IPO 2020-2021 жылдарға жоспарланып отыр. Корольдіктің билігі сатылымға компанияның 5% ұсынуға ниет білдірді. Жалпы, Aramco акциялары алдын-ала 2 трлн долларға бағаланды. Бұл тарихтағы ең қымбат бастапқы ұсыныс болуы мүмкін.