ОПЕК-тегі Сауд Арабиясының өкілі Мұхаммед әл-Мәди мұнай бағасы $100/барр деңгейіне оралмайды деп санайды, себебі бұл негізгі жеткізушілер үшін тиімсіз.
"Менің ойымша, мұнай бағасын қайтадан барреліне 100-120 долларға дейін қайтару қиынға түседі, себебі бұл нарыққа қымбат энергия тасымалдаушыларының қайта келуіне себеп болады", - деді Опектегі Сауд Арабиясының өкілі Мұхаммед әл-Мәди Эр-Риядта өткен конференция барысында.
Оның сөзіне сүйенсек, мұнда қатпарлы мұнай сатушыларының оралуы туралы айтылады, олар үшін жоғары бағалар тиімді болған-тын. "Біз қатпарлы мұнайға қарсы емеспіз, оның пайда болуын біз қолдаймыз. Алайда оның жеткізушілерінің күшеюі нарықтың басқа ойыншыларына қатысты әділетсіз болады", - демі мәлімдеді әл-Мәди.
Опектегі Сауд Арабиясының өкілі картель үшін мұнай бағаларын бақылау емес, нарықтағы тепе-теіңдікті сақтау тиімді екендігін айтты. "Нарықтың өзі бағаны анықтап, сұраныс пен ұсыныстың деңгейін көрсетуі тиіс", - деді ол.
Опектегі Сауд Арабиясының тағы бір өкілі Насыр әл-Доссари жақын арадағы 15 жылда мұнайға деген сұраныс өсуін жалғастырып, өндіріс көлемі күніне 111 млн баррельге дейін жетеді деген болжам жасады.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





