Open API Қазақстанның қаржы секторында пайда болуы мүмкін

Open API
Фото: kok8.com

Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақтан Ұлттық Банкі банктердің қатысуымен Ашық платформалар — Open API үшін стандарттар жасау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс тобын құрды. Бұл IТ-компаниялар  үшін әмбебап  интерфейс, оның  көмегі  арқылы  әзірлеуші  екінші деңгейдегі банкке қосыла алады және өзіне қолжетімді деректермен өзара  байланыстыра  отырып жаңа  өнім жасай алады. Мысалы, клиенттің келісімімен клиенттің  түрлі банктердегі шоттары туралы ақпаратқа  бірыңғай  рұқсат  бере алады. Бұл жайлы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Жанат Құрманов «Astana Hub»  Халықаралық IT-стартаптар технологиялық  паркінің  алаңында сөйлеген  сөзінде  айтып  берді.

Оның айтуынша, қаржы нарығында бәсекелестікті арттыру және тысқары ұйымдардың технологиялық мүмкіндіктері есебінен  қаржылық  қызметтерді кеңейту  осы  жобаның  мақсаты  болып  табылады. «Жобаны іске асыру қаржы ұйымдары мен жаңа технологиялардың дамуын ынталандырады, жеке тұлғалардың қаржы нарығының қатысушыларымен өзара іс-қимылы рәсімдерін жеңілдетеді, төлем қызметтерін көрсетуге географиялық қолжетімділікті қамтамасыз етеді», — деді Ж. Құрманов.

Ж. Құрманов өз сөзінде, сонымен қатар,  ақпарат пен қаржылық инфрақұрылымды кибер қауіп-қатерден қорғау мәселелерін қозғады.

«Қазақстан Ұлттық Банкі цифрлық ортада кибершабуылдарға және алаяқтық іс-әрекеттерге қарсы тиімді іс-қимыл жүргізу үшін жүйелі шаралар әзірлеуде.  Бұл — Ұлттық Банктің жанында құзырет орталығын, қаржы секторында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жедел орталықты, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметін құру шаралары. Сондай-ақ, банктермен ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы; осалдығын және қауіп-қатерді анықтау өлшемшарттары мен ақпараттық қауіпсіздіктің болуы туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы деректермен алмасу жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде», — деп хабарлады Ж. Құрманов.