ОҚО-да кәсіпкерлерге арналған бизнес-портал ашылады

639

ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тауар өндірушілер мен түрлі салада кәсібін дөңгелететін кәсіпорындардың ondiris.kz вэб-каталогын іске қоспақ. Бизнес анықтамалық бойынша әрбір кәсіпкер аймақтарды жіктеу фильтрі арқылы, өзіне қажетті ақпар мен тауар өндіруші, сатып алушы, клиенттер мен инвесторлар, компаниялар мен түрлі саладағы фирмалар аясында контрагент таба алады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған, интернет алаңның бірегейлігі сол, қолданушылардың өздері жеке компаниясы туралы каталогқа мағлұмат салуына (тарихы, қызмет түрі, азық-түлік, баға және серіктестік саясаты), жаңалықтары мен баспасөз хабарламаларын орналастыруына мүмкіндігі бар. Және бұл қызметтердің барлығы да қолданушы үшін тегін.
Сайт мәтіндік редакторы жаңалықтарын өңдеп, компания туралы сипаттаманы беріп қана қоймай, іздеу жүйелерінде компанияның тез табылуына мүмкіндік береді. Аталған жоба жұмысын алдағы уақытта бастайтын болады.