Орталық барлау басқармасы ұсынады: дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін 7 әдіс

Орталық барлау басқармасы ұсынады: дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін 7 әдіс
Фото:i2.wp.com

Назарларыңызға  ОББ-ның экс-агенті Морган Джонстың «Проблемаларды құпия қызмет әдістері арқылы шешу» кітабында жазылған, қателіктен сақтандыратын 7 кеңесті ұсынамыз.

  1. Атқарылатын істі барынша ықшамдау

Әр жұмысты ықшамдай білетін адам бір жағынан уақытын үнемдесе, екінші жағынан күнделікті кездесетін кедергілерден сақтанады. Ықшамдаудың негізгі міндеті — адам проблеманы шешерде әр әрекетінің дұрыс болуын бақылау, қателікті саралауды үйрету. Ол белгіленген жерге адаспай баруға көмектесетін карта сынды. Сізге қолайлы әрі нақты бағытты нұсқайды. Жіберілген қателіктерді терең талдап, зерттеп үйренесіз.

  1. Проблемаға жаңа көзқараспен қарау

Кез келген мәселені оңтайлы қадамдармен шешуге болады. Проблеманың туындау жиілігін қысқарту үшін оны туындататын әрекеттердің алдын алып, оған жаңа көзқараспен қараған абзал. Егер қиыншылық туғызған мәселеге жаңа қырынан зерттеп, әр қадамыңызды дұрыс жоспарлап, әрекеттеріңізді сараласаңыз, тығырықтан шығар жолды да табасыз. Адамдар көп жағдайда тек проблема деп қарап, оны шешудің өзі ғана білетін жолын қарастырады.

  1. Құрылымды және түйсікті қатынас

Біз шешім шығарар сәтте инстинктивті тұрғыда ойлаймыз. Ішкі түйсігіміз «солай істеу дұрыс шығар» деген ой тастайды. Сондай-ақ қиындыққа тап болған кезде оны бізге жеңу күрделі көрінгендіктен эмоционалды күйде асығыс шешім шығарамыз. Алайда, структивті әдіс бейсаналық әрекеттерімізді қадағалауға мүмкіндік береді. Ол өте қарапайым. Сіз тек әр жұмысыңызды белгілі кезекпен жүргізуіңіз керек.

  1. Сценарий бойынша шешім қабылдау

Бұл әдіс диаграммаға негізделген. Іс-әрекеттеріңізді қарапайым күнделік жазумен жүзеге асырғанша одан екі есе тиімді диаграмманы қолданып үйреніңіз. Жоспарыңызды бақылауға ала отырып диаграмма сізге дұрыс шешім шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұрыс шешім шығарғандағы өзіңізге тиетін қауіпті болжайды. Сәйкесінше диаграммаға бірнеше нұсқаулықтар болғандықтан, ол сіздің белгілі бір тәртіппен жүруіңізді қадағалайды.

  1. Әзәзілдің адвокаты

Егер тек өз пікіріңізді дұрыс деп санасаңыз, «әзәзілдің айласы» деп аталатын тәсілді пайдаланып көріңіз. Бұл өте қарапайым әдіс. Оны ертеде Римнің католиктік шіркеулерінде қолданған. Екі қарама-қайшы пікірді бір-біріне қарсы қойып, оны салыстыру арқылы проблемаға біржақты қараудан арыласыз.

  1. Негативті немесе позитивті ақпарат

Стэнфорд университетінің ғалымдары адамның дұрыс ақпарат пен жалған ақпаратты қабылдау кезіндегі айырмашылықты тапты. Ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижесінде адамдардың жағымсыз ақпаратты жағымды ақпаратқа қарағанда баяу әрі күрделі қабылдайтындығы анықталды.  Егер адам берілген ақпаратқа күмән келтірсе, оның дұрыстығын анықтау үшін 0,5 секунд, ал бұрыстығын дәлелдеуге 1 секунд уақытын жұмсайды екен. Яғни, біз позитивті ақпараттың дұрыс екеніне бірден сенеміз, ал шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың анық-қанығына жетпейінше тыным таппаймыз.

  1. Пазл және структивті әдіс

Морган Джонстың сөзінше, ол структивті әдісті тіпті пазл құрастырғанда қолданады. Яғни, әр ісін белгілі бір ретпен жүргізеді. Агент пазлды құрастырғанда ең алдымен оның бөлшектерін түсіне, фактурасына қарай бөледі. Мысалы, аспанды бейнелейтін көк түсті бөлшектерді бір бөлек жинап алып, оларды пішініне байланысты топшаларға бөледі. Осы арқылы оның санасы қажетті бөлшектерді қажетсіздерден оңай ажыратады. Егер бөлшектерді топтастырмаған жағдайда барлық бөлшектердің арасынан дұрысын табу үшін көп уақыт жұмсалатын еді. Морган Джонс кітабында көпшіліктің проблеманы шешу кезінде осы қателікті жіберетіндігін жазды. Біз ісімізді жоспарламай одан бірден құтылғымыз келеді. Дегенмен ол ой елегінен бірнеше рет өткізілген әрекеттерді жүзеге асырғанда ғана шешіледі.