Орталық көк базардың орнына жаңа сауда үйі салынады

572
Орталық көк базардың орнына жаңа сауда үйі салынады

Алматыда қазір Көк базар деп танылған Орталық базардың орнына жаңа сауда орталығы салынбақ. Бұл туралы Алматы арнасының «Деловое время» бағдарламасындағы сұхбатында қалалық архитектура және қала құрылысы Басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтілеу мәлімдеді.

Оның сөзінше, бірінші кезекте Мақатаев көшесі маңындағы аумақ сүріледі. «Орталық базар жеке жоба бойынша салынған. Нарық жағдайы кезінде оның иелері қазір құтылуы қажет павильондар, киосілер мен жаймалар салып тастады. Біз оларға ғимараттың архитектуралы-жоспарлы актін рәсімдедік. Ол құжат бойынша Көк базардың алдындағы Мақатаев көшесі жанынан көпқабатты көлік тұрағы салынады», — деді Жанат Айтілеу.

Оның атап өтуінше, жоба бойынша Көк базар орналасқан аумақтағы сауда орталықтарының жартысы да жаңарудан өтуі қажет. «Бұдан бөлек, олардың Мақатаев көшесінен бастап Жіек жолы көшесіне дейінгі аралықты босатулары қажет. Бұл жер осыған дейін төтенше жағдай кезінде арнайы техниканың өтуі үшін ойластырылған», деп түсіндірді спикер.