Қостанайда кірпіш зауыты салынады

945
Қостанайда кірпіш зауыты салынады.....................

«Абсолют-Керамик» ЖШС-сы Қостанайда қаптауыш керамикалық кірпіш шығаратын зауыт салады деп хабарлады қалалық әкімшілік.

Жобаның жалпы құны 4,3 млр теңге, ал жылдық қуаты 40 млн бірлік болмақ. Зауыт 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде, қаржылық мәселелер шешімі қарастырылуда. Құрылыс осы жылы басталады деп жоспарланып отыр», — дейді әкімшілік өкілі.

«Абсолют-Керамик» — бұған дейін алкологь өнімдерін шығарып келген қостанайлық компания.