Париждегі терактіге қатысушылардың арасында француздық үш азамат болған

Франция прокуратурасының мәлімдеуінше, Париждегі теракт әрекетіне үш француздық азамат қатысқан. Олар өздерін жарып жіберген террористердің қатарында деп хабарлайды  РБК.

Бұдан бұрын AFP агенттігіне арнайы қызмет тобы париждік терактіге қатысқан екінші Франция азаматының денесі танылғанын хабарлаған.

Associated Press қызметіне бельгиялық шенеунік қаза тапқан сегіз террористердің арасында Брюсселде тұрған екі француздықтың бар болғанын мәлімдеді.

Полиция қызметкерлерінің соңғы мәліметі бойынша, париждегі терактіге негізгі үш топ қатысқан. Олардың бірі Stad de France стадионындағы жарылысқа қатысқандар. Қалған екі топ мейрамханаға шабуыл кезінде Bataclan концерт залын кепілге алғандар. Терактіге қатысушылардың саны әзірге белгісіз.