Павлодарда халықаралық «Ертіс Инвест — 2015» форумы өтеді

2549

7 қазанда Павлодарда халықаралық «Ертіс  Инвест -2015» инвестициялық форумы өтеді. Бұл жылы форум қатысушыларын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қарсы алады.

Шараның басты мақсаты — Павлодар облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, аймақтың артықшылықтары мен потенциалын көрсету. Транспорт-логистикалық жүйе және агроөндірістік кешеннің дамуы, орта және шағын бизнес үшін ыңғайлы жағдай жасау, облыстағы ірі компаниялар айналасында индустриалды белбеу қалыптастыру — осы және өзге де тақырыптар талқыланбақ.

Форумға орталық және жергілікті органдардың, даму институттары, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың және РФ-мен шекаралас аймақтардың ресми өкілдері, шетелдік банктер мен компаниялар қатысады. Шараның модераторы- Еурокомиссияның Қазақстандағы өкілі Пьер Ив Люка. Сондай-ақ инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев те қатысуы мүмкін.

«Атамекен» ҰКП басқарма басшысы А.Мырзахметов, «ҚДБ» АҚ басқарма төрағасы Б.Жәмішев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы А.Сатқалиев, «Strategy Partners Group» компаниясының президенті А.Идрисов, «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлі қорының бас директоры С.Кеттебеков, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ басқарма басшысы Е.Біртанов және облыс әкімі Қ.Бозымбаевтың қатысуымен пленарлы отырыстар өтіп, жаңа экономикалық жағдайда инвестиция тарту мәселелері талқыланады.