Пентагон «ДАИШ» террористеріне қарсы 3 миллиард доллар жұмсаған

435

АҚШ-тың әскери ведомствосының «ДАИШ» террористік тобына қарсы жұмсаған шығыны 3 млрд долларға таяп қалған.  Бұл туралы ZeroHedge порталы жазады.

Бұл ретте күнделікті шығын 9,2 млн долларға жеткен.

0407-smeta-pentagon
«Ислам мемлекетіне» қарсы операцияларды жүргізуге кететін шығын сметасы

«Террористік топпен күресуге жұмсалған тәулігіне шамамен $9,2 млн немесе жалпы алғанда $3 млрд АҚШ-та 67 мың жұмыс орнын құруға жететін еді», — деп жазады портал.

Сайт әскери шығындар жөніндегі сарапшы және American University-де халықаралық қатынастар бойынша дәріс оқитын Гордон Адамстың осы жылға арналған болжамын да жариялады. Ол 2014 жылы жұмсалған шығындарға нақты баға бергендігімен танымал.

Оның айтуынша, 2015 қаржылық жылы «Ислам мемлекетіне» қарсы әскери кампанияның нақты құны $10 млрд мен $15 млрд аралығын қамтиды. Г.Адамс есеп жүргізгенде АҚШ-тың бұған дейінгі Таяу Шығыстағы операцияларының шығынын басшылыққа алған.