PepsiCo Қазақстан мен бірқатар елдерде коронавируспен күреске 5 млн. доллар бөледі

40

PepsiCo компаниясы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Белоруссия, Украина және Кавказда коронавируспен күреске 5 млн. долларға жуық қаржы  бөледі, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Компания мен PepsiCo Foundation қайрымдылық қоры ұсынатын қаражат медициналық қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға жұмсалады. 

 «COVID-19 – бәрімізге ортақ қайғы, және біз, тағам өнімдері мен сусындарының әлемдегі және өңіріміздегі ең ірі өндірушілерінің бірі ретінде, бұған бейжай қарап отыра алмаймыз. Компания қызметкерлерінің барынша қауіпсіз жұмыс істеуін және азық-түлік дүкендеріне тағам өнімдерін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз ету үшін толассыз күш салуда. Біздің қайырымдылық саласындағы бастамаларымыз пандемияға қарсы жалпы күресте өз септігін тигізеді деп сенемін», дейді PepsiCo Ресей, Беларусь, Украина, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі Президенті Нил Старрок.

Қазақстанға 45 млн. теңгеден астам бөлінген қаражат медициналық мекемелерді қолдауға, атап айтқанда, медициналық қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге және оларға азық-түлік жиынтықтарын ұсынуға жұмсалады. Сонымен қатар, азық-түлік жиынтықтары оқшауда отырған мұқтаж адамдарға беріледі. Бұл көмекті Қазақстанда PepsiCo компаниясы және «Қазақстан Қызыл Жарты Айы» ұйымы бірлесіп көрсетеді.

PepsiCo компаниясының Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Украина және Кавказдағы көмегі – бұл алдында жарияланған, жалпы сомасы 45 миллион доллардан асатын, вирустан ең көп зардап шеккен адамдар мен өңірлерге жаһандық қолдау көрсету бағдарламасының бір бөлігі. Компания ең қажетті, оның ішінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамту, тестілер мен тексерулерді өткізу сияқты бағыттарды қаржыландырады, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарының қолдауымен, әлем бойынша, халықтың қауіпке душар топтарына 50 миллионнан астам азық-түлік жинақтарын үлестіреді.

PepsiCo туралы

PepsiCo компаниясы әлемнің 200-ден астам Frito-Lay (снектер), Gatorade (спорттық және функционалдық сусындар), Pepsi-Cola (газдалған және газдалмаған сусындар), Quaker (дәнді-дақыл өнімдері мен ботқалар) және Tropicana (шырындар) өнімдерін ұсынады. 2019 жылы PepsiCo компаниясының сату көлемі 67 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Компания 23 брендті қосқанда, тәтті тағам өнімдері мен сусындардың кең ассортиментін шығарады, олардың әрқайсысының жыл сайынғы бөлшектеп сату көлемі миллиард доллардан асады.

PepsiCo жаһандық қоры туралы

PepsiCo Foundation жаһандық қоры – қаражатты қауымдастықтардың әл-ауқатын қолдау мақсатында тұрақты азық-түлік жүйесінің негізгі элементтеріне жіберетін, компанияның 1962 жылы негізі қаланған қайырымдылық бөлімшесі. Әлем бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және сарапшылармен жұмыс жасай отырып, жаһандық аштық проблемасына қарсы күреске көмек көрсетуге, су мен қалдықтарды жауапты пайдалануды ілгерілетуге, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің барлық салаларында әйелдердің көшбасшылығын қолдауға  назар аударады.