
«Ресейлік аукцион үйі» ААҚ (РАҮ) Петербургтағы Конюшенная көшесіндегі XIX ғасырда салынған үш қабатты жекежайды сатылымға шығармақшы. Сатылым 2015 жылдың 30 сәуірінде өткізіледі. Ғимарттың бастапқы бағасы 850 млн рубль. Қазіргі таңда жекежайдың ішінде компаниялардың кеңселері бар.
Сатылым шарттарына сәйкес, ғимараттың ішінде сауда, қонақ үй және кеңсе алаңдары орналасуына рұқсат етілетін болады. «Ғимараттың алдында брендті киімдер дүкендері, банк және т.с.с мекемелердің кеңесесі ретінде қолданады. Алаң жағына қонақ үй, медициналық кешен орналасады. Одан бөлек, жекежайдың болашақ иесі ішкі ауланы жауып, мейрамхана етуге ерікті», — дейді Ресейлік аукцион үйінің жеке меншік иелерімен жұмыс департаментінің жетекшісі Дмитрия Альтбрегина.
Жекежайдың аумағы 2500 шаршы метрді құрайды.