Polymetal акционері компания акцияларының бір бөлігін сатады

Polymetal
Фото: mygoldendeal.blogspot.com

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Polymetal миноритарийі («Полиметалл», PIp) Александр Мосионжик компанияның листингі барысында өзінің акциялар пакетінің бір бөлігін АХҚО (AIX) биржасында сата алады, — деп хабарлайды «Коммерсантъ».

Ақпаратқа сәйкес, қазір бизнесменге алтын өндіретін кәсіпорынның 3,19% ы тиесілі. Олардың нарықтық құны 10,1 млрд рубль.

Полиметаллдың ең ірі акционері Александр Несистің холдингі –27,40%, Александр Мамуттың отбасы – 9,46%, «Открытие» банкі – 6,93%, Петр Келлнердің Fodina B.V. – 1,63%.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 17 сәуірде Polymetal International компаниясының акциялары AIX ресми тізіміне енгізілген. Қор биржасындағы сауда ағымдағы жылдың 24 сәуірінде басталады деп күтілуде.

АХҚО мәліметтері бойынша, қағаздар доллармен саудаланатын болады, сондай-ақ Лондон мен Мәскеудегі акцияларға айырбасталатын болады.