Премьер-министрдің екінші орынбасары қызметіне Асқар Жұмағалиев тағайындалды
Алматы. 30 тамыз. 7kun.kz - Асқар Жұмағалиев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Бұған дейін Жұмағалиев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған. Әр жылдары "Жарық" ЖШС бас директоры, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім, басқарма бастығы жұмыстарын істеп, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, "Қазақтелеком" АҚ президенті болды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрі, Көлік және коммуникациялар министрі болып, Байланыс және ақпарат агенттігіне төрағалық етті.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





