Президент елде салық жинау механизмі түбегейлі өзгереді деп мәлімдеді

688

Сейсенбі күні Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда салық жинау механизмі түбегейлі өзгереді деп мәлімдеді.

«Салық жинау механизмі түбегейлі өзгереді. Күрделі, айқын емес ҚҚС-тың орнына саудаға салынатын салық мәселесін мұқият қарастыру керек. Бұгін бізде ҚҚС-ты қайтару бойынша бүтіндей бизнес пайда болған, ненің қайдан шыққаны түсініксіз. Осы салықты қайтарумен аранйы айналысады, Бізде бар барлық салық түрлерін қосақаннан ҚҚС көп болып тұр», — деді ол.

«Біз салық жинауды айтарлықтай жеңілдетеміз, яғни саудаға салынатын салықты күрделі ҚҚС-тың орнына пайдалансақ, ұтамыз», — деп атап өтті мемлекет басшысы.