Астана. 23 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР кезектен тыс президент сайлауына қатысатын кандидаттарға үгіт-насихат жүргізуі үшін шамамен 10 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Сайлауалды үгіт-насихат жүргізу үшін әр кандидатқа шамамен 10 миллион теңге бөлу қарастырылып жатыр. Бұл қаржы БАҚ-та ақпарат таратуға, материалдар жариялауға жұмсалады. Яғни кандидат БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізеді», – деді ол.
Оның айтуынша, бұл ақшаға кандидаттың ғимарат және көлікті жалға алуы кіреді. Алайда бұл мәселе бойынша әзірге соңғы шешім қабылданған жоқ
Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 2022 жылғы 21 қазан сағат 18:00-де басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады. Ал 19 қараша – үнсіздік күні.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





