Путин «Apple-ге қарсы заңға» қол қойды

42

Алматы. 3 желтоқсан. 7kun.kz — Владимир Путин  Ресейде сатылатын гаджеттерге ресейлік қосымшаларды қоюға міндеттейтін заңға қол қойды.  

«Apple-ге қарсы заң» атымен де белгілі заң күшіне 2020 жылдың 1 шілдесінде енеді.

Ресейлік БАҚ жазуынша әзірге оның қалай әрекет ететіні белгісіз.

thebell.io жазуынша бизнес бұл  заң жобасына қарсы. Егер бұл заң күшіне енсе смартфондарына басқа қосымшаларды орнатпайтын Apple ресейлік нарықтан кетуі мүмкін.