Путин саясаттан кете ме?

Путин
Фото: siteadvisor.com

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — Италиялық Corriere della Sera күнделікті газеті Ресей президенті Владимир Путиннің Италияға сапары қарсаңында оған президенттік мерзімінен кейін саясаттан кетуді жоспарлап отыр ма деген сұрақ қойды.

«Бұл туралы айту әлі ерте. Алда әлі бес жыл қызу жұмыс бар. Біз байқағанымыздай, әлемдегі осындай қарқынды динамикада болжам жасау қиын. Менің дәл қазір айналысатын ісім көп екеніне күмән келтірмеңіз», — деп түсіндірді Путин басылымға.

Осылайша, РФ басшысы 2024 жылдан басталатын «Путиннен кейінгі Ресей» туралы ойланды ма, саясаттан кете ме немесе басқа қызметте қала ма деген сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, Владимир Путин алғаш рет 2000 жылдың 26 наурызында Ресей Федерациясының президенті болып сайланды. 2004, 2012 және 2018 жылдары Мемлекет басшысы лауазымына қайта сайланды. 2012 жылғы сайлау алдында президенттік өкілеттік мерзімі төрт жылдан алты жылға дейін конституциялық түрде ұлғайтылды.