Қайрат Сатыбалды басқаратын компания енді «Қазақтелеком» АҚ акционері емес

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – 1 шілдедегі жағдай бойынша SKYLINE INVESTMENT COMPANY S. A. (Люксембург) «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің құрамына кірмейді. Ал акционерлер құрамының жаңа мүшесі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Енді «Қазақтелеком» АҚ акцияларын бөлу келесідей болады:

  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – 45,90%;
  • «ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ – 25,42%;
  • The BANK OF NEW YORK Mellon DRS (номиналды ұстаушы) – 8,62%.

Осылайша, елдің басты телекоммуникациялық компаниясының 70%-ы мемлекетке тиесілі.