Қай ұялы байланыс операторының ықпалы күштірек?

573
Фото:forbes.kz

Ақпанда ҚР-дағы ұялы байланыстың базалық станцияларының саны 30 мыңға жетті. 2016 жылы нарық 4G форматындағы желілерді күшейту бағытында жұмыс істемек деп хабарлайды Ranking.kz сараптамалық қызметі. 

2016 жылдың наурызында ҚР-дағы байланыс абоненттерінің саны 31,2 млн номерге жетті. Жылдық өлшеммен есептегенде абоненттік база 7,1%-ға, ал 100 адамға шаққандағы ұялы байланыс номерлерінің тығыздығы 167-ден 176 адамға көбейді.

1c0ce9fd3f1d490363cad2cf473Ақпанның ортасындағы жағдайға байланысты базалық станциялардың жалпы саны бойынша операторлар арасында Кселл көш бастап тұр. Оның иелігінде Қазақстан аумағындағы станциялардың 31%-ы бар. Ал Теле2 үлесіне 26%, Билайнға 24%, Алтелге 19% тиесілі (Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мәліметі). 

9403099c916e74780fa4821f827Кселл станциялары еліміздегі 10 өңірде орнатылған. Компанияның ең үлкен ықпалы Атырау және Маңғыстау облыстарында (54% және 45% тиісінше), Оңтүстік Қазақстан облысында облысында (43%), Астана қаласында (38%) және Ақмола облысында (45%) жүреді. Алматыда Кселл және Алтелдің базалық станцияларының саны тең түседі, әр операторға 29%-дан тиесілі. Теле2 Қарағанды облысында (37%), Жамбыл және Қостанай облысында (34%), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында (30%) танымалдылыққа ие. Билайн позициялары Батыс Қазақстан облысында (39%), Павлодар облысында (31%) күштірек.

Базалық станциялардың жалпы санынан 17,5 мыңнан астамы (желінің 58%-ы) 2G стандартын пайдаланады, 10 мыңы (34%) 3G желісіне және бар болғаны 292 (8%) 4G форматында жұмыс істейді. Алайда 2016 жылы барлық қазақстандық операторлар 4G стандартында жұмы істеуге рұқсат алды, сондықтан бұл сектордағы бәсекелестік деңгей ұлғая түсуі мүмкін.

12a218c67d55c35cea5f129b515