Қамаудағы Қайрат Құдайбергенге қысым жасалған

Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz – Қаңтар оқиғасына байланысты қамауға алынған Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенге абақтыда қысым жасалуда. Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Әмитов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қайрат Құдайбергеннің адвокаты депутаттың Бас прокуратураға жазған арызын жариялады. Онда өзіне моральдық-психологиялық қысым жасалғанын, тиісті айғақтарды бермесе ұзақ мерзімге қамаласың деп қорқытқанын жазған.

Қамаудағы депутат “Дикий Арманмен” қандай байланысың бар деген orda.kz сауалына ол Арманды бұрын көрмегенін, танымайтынын тек алаңда кездесіп қалғанын айтып жауап берді.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.