Қанат Таймерденовтің орталық аппаратқа ауысқанын ҚР ІІМ растады

Нұр-Сұлтан. 26 маусым. 7kun.kz – Қанат Таймерденовтің орталық аппаратқа ауыстырылуын ҚР Ішкі істер министрлігінде (ІІМ) растады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қанат Таймерденов ІІМ орталық аппаратына басшылық қызметке ауысуда», — деп хабарлады қызметінде.

Айта кетейік, кеше Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің бастығы қызметінен кеткені хабарланған еді.