Нұр-Сұлтан. 21 маусым. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезектен тыс отырысында Қазақстанға ақ қант пен шикі қантты бажсыз әкелуге арналған квотаны 2022 жылғы 31 қазанға дейін ұзарту туралы ұсыныс қабылданды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бұл шара ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірқатар елдермен қанттың үлкен көлемін жеткізу туралы келісім сөздер жүргізіп жатырмыз. Ал қарашаға қарай қазақстандық зауыттардан да, ЕАЭО елдерінен де жаңа дақылға қызылша қантын жеткізу басталады», – деді ҚР Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар Қазақстан ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына квота көлемін ұлғайту туралы келісім сөздер жүргізіп жатыр. Қазір Қазақстанның квотасы арқылы 2022 жылғы тамызға дейін нөлдік импорттық кеден бажымен 350 мың тонна ақ қант пен шикі құрғақ қантын жеткізуге болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024