Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялайды

Тоқаев
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні азаматтарға үндеу жариялайды, — деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Бүгін, 9 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-де республикалық телеарналар эфирінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарына үндеу жариялайды», — делінген хабарламада.

Таяуда бірқатар қазақстандық саясаттанушылар 2019 жылғы маусымда кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.