Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне кірісті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне кірісті

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Парламент Сенатының бұрынғы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне кірісті. Бүгін ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында ант берді.

«Мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын қатаң ұстануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің жоғары міндеттерін адал орындауға ант беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің конституциялық құқығын іске асыра отырып және тарихи миссиясын толық орындап, Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өз еркімен тоқтатқанын атап өтті.

«Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауысады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап қызметке кіреді », - деді Мәми.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев Тоқаевқа Президент куәлігін, төс белгісін, байрағын және «Алтын Қыран» Орденін тапсырды.

Похожие материалы