Қасымбек Жезқазған әкіміне сөгіс жариялады

124
Қасымбек
Фото: turkystan.kz

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімовке сөгіс жариялады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мен сумен жабдықтау мәселелерімен айналысатын бөлімшенің (Жезқазған) жұмысын теріс бағалаймын. Сондай-ақ «Қазақмыс» басшылығына жүгінемін: қаланы сумен қамтамасыз етуге етуге жауапты барлық қызметкерлердің атқарып отырған лауазымына сәйкестігіне назар аударыңыздар», — деді Қасымбек.

Аймақ басшысы қалада халық саны артып келе жатқанын атап өтті. Және, тиісінше, тұрғын үйге қажеттілік туындайды.

«Маған хабарлағандай, соңғы жылдары қала тұрғындарының саны өсті. Бұл жақсы жаңалық. Енді оларға үй салу керек. Сондықтан, келесі жылдан бастап Жезқазғанда тұрғын үй құрылысын екі есеге арттырамыз. Біз әлеуметтік үйлерді ғана емес, сонымен қатар ипотекалық, жалға беру және коммерциялық үйлерді де саламыз », — деді Қасымбек.

Облыс әкімі сондай-ақ қаланың жылу беру маусымына дайындығын сұрады. Ол жергілікті ЖЭО-да болып, жағдаймен танысты. Жеңіс Қасымбекке келесі аптада жезқазғандықтардың үйлерін жылу жүйесіне қосуға дайын екендігін жеткізді.

«Жылу беру маусымына қала дайын. Үш жылу трассасы жуылды, нығыздалған және іске қосуға дайын. 8 қазанда жылу беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, біз жылу құбырларын ауыстырамыз, бұл жұмыстар 2020 жылы аяқталады. Бұл тұрғын үйлерді сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов.

Тағы бір өзекті жергілікті мәселе — Жезқазған-Қызылорда трассасын жөндеу. Өңір басшысы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау мамыр айында аяқталатынын айтты. Сондай-ақ, келесі жылы қайта құру басталады. Сонымен қатар, Қарағанды-Жезқазған жолы да күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстар 2021 жылға жоспарланған.