«Қазақмыс» корпорациясы басшылығында өзгерістер болды

108
Қазақмыс
Фото: arnapress.kz

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығының құрамында кадрлық өзгерістер болды. Бақтияр Қырықпышев «Қазақмыс Коппер» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз ұызметі хабарлады.

Бұған дейін ол Басқарушы Кеңестің бас директоры қызметін атқарған. Енді Бақтияр Әбдірахманұлы Қазақмыстың тұрақты дамуы мәселелерімен айналысады.

Сондай-ақ, Эдуард Огай корпорацияның бірінші басшысы болды, ол бұған дейін 2006-2015 жылдары компанияны басқарған.