Қазақстан ЕАЭО-ға импортталған тауарларды бақылап отырмақ

Қазақстан
Фото: tv8.md

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарлардың бақылау механизмі туралы келісімді ратификациялауға дайындалуда.

Қаржы министрлігінде хабарлағандай, келісімді ратификациялау көлеңкелі экономика көлемін қысқартады және ЕАЭО аумағына үшінші елдерден импортталған тауарлар бойынша кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудың түрлі схемаларын қолдануды болдырмайтын жағдайлар жасау есебінен бюджетке салықтардың түсуін арттырады.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бекіткен тізімге енгізілген тауарлар ғана бақыланады.

Қазақстанда қадағалау жүйесі «Электрондық шот-фактуралар» АЖ базасында іске асырылатын болады.