Нұрсұлтан Назарбаевтың Куба Республикасына ресми сапары барысында мұнай тасымалдау туралы келісім жасалды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Мемлекет басшысы Кубаның Мемлекеттік кеңес және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен кездесіп, екіжақты байланысты тереңдетудің жай-жапсары талқыланды. Сауда-экономика, гуманитарлық сала, фармацевтика мен ауыл шаруашылығындағы ықпалдастықты арттыру жайы сөз болды.
Мұнай жеткізу туралы келісім құжат күйінде бекіді. "Бүгін біз Кубаның энергетика және тау-кен өндірісі министрімен өзара ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол қойдық. Бұл бірінші кезекте мұнай-газ өндірісіне қатысты. Әсіресе, Қубаны қоршап жатқан кен орындарын айтып отырмын. Тіпті, Қазақстан мұнайын Кубаның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мүмкіндіктері де қаралуда", - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





