Қазақстан мен АҚШ өңірлік авиация ұшақтарын құрастыру жобасын жоспарлады

42
Фото: Газета.ру

Алматы. 25 қазан. 7kun.kz — «Қазақстан Инжиниринг» және американдық Sierra Nevada Қазақстанда құны 150 млн доллар құрайтын өңірлік авиация ұшақтарын құрастыру жөніндегі жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы ниет хатқа қол қойды.

Бейсенбі күні тараптар Астанадағы қазақстан-америка бизнес-форумының отырысында тиісті ниет-хатқа қол қойды.

«Бұл хат «Қазақстан Инжиниринг», KazakhInvest және Sierra Nevada Corporation арасындағы Қазақстан Республикасында өңірлік авиация ұшақтарының өндірісін құру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы келісім. Оған қол қойылды. Жоба бес жылға есептелген және оның жалпы құны шамамен 150 млн доллар», — деді Жандос Темірғали.

«Жұмыс тобы құрылып, нарық зерттелуде.  Барлық тараптар келіскеннен кейін, жобаны әзірлеу кезеңі басталады, Қазақстанда құрастыру өндірісін құруға шамамен бес жыл берілді. Бұл жерде өңірлік авиация ұшақтары туралы сөз болып отыр», — деп түсіндірді ол.

Sierra Nevada Corporation компаниясының ұшақтары Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті іске асыратын өңірлік авиация бағдарламасына енгізілуі мүмкін.

«Ұшақ сыйымдылығы шамамен 40 орындық. Бұл Қазақстанның шағын қалаларын өзара біріктіруге мүмкіндік беретін шағын ұшақ», — деді сөз соңында Жандос Темірғали.