Қазақстан қолжетімді бензин рейтингісінде Ресейге жол берді

35
10
Фото: betafinance.ru

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz — Қазақстан халық үшін бензиннің қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингісінде 18-ші орынға жайғасты. Зерттеуді Еурокомиссияның, статистикалық комитеттердің және елдердің реттеуші органдарының, ЭЫДҰ және Ресейдің Орталық Банкі мәліметтеріне сүйене отырып, «РИА Новости» жүргізді.

Зерттеуге сәйкес Қазақстанда орташа жалақыға сатып алуға болатын бензин көлемі 843,5 литрге тең. Бұл ретте тізімнің көшбасшысы Люксембургте ол 2855,6 литр болды. Сондай-ақ, Қазақстанда А-95 бензин және дизель отынының бағасы жыл басынан тиісінше 3,9% және 0,7%-ға төмендеді.

Рейтингте бірінші бестікке Люксембург, Норвегия, Австрия, Ирландия және Ұлыбритания кіреді. Ресей 16-шы орынға ие болды. Соңғы орындар Украина, Болгария мен Румынияға бұйырды.